Ағымдағы жылдың шілде айының 21 мен 31 күндері аралығында Астана қаласында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның өкілдері мен тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлері жолаушылар тасымалы бағыттары бойынша соңғы аялдамалар мен айналма аялдамаларда арнайы рейдтер жүргізді.
Рейдтің басты мақсаты – қоғамдық көлік жүргізушілерінің еңбек және демалыс жағдайларын жан-жақты тексеру, сондай-ақ олардың күнделікті жұмысындағы қолайлы орта мен тұрмыс сапасын бағалау болды.
Тексеру барысында жүргізушілердің жұмыс орнында демалатын орындары, тамақтану мүмкіндіктері, санитарлық-гигиеналық жағдайлары назарға алынды.
Бұл шаралар жүргізушілердің еңбек жағдайларын жақсарту арқылы олардың жұмыс өнімділігін арттыруға бағытталған. Себебі қолайлы еңбек ортасы – жолаушыларды сапалы әрі қауіпсіз тасымалдаудың негізгі алғышарттарының бірі.
Рейд қорытындылары бойынша анықталған мәселелерді шешу және жүргізушілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған нақты шаралар қабылдау Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысында қаралады.