“Асыл мұра”: Ұлттық қолөнер мен Абай мұрасын тоғыстырған фестиваль

 

   Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен, «Қазақстандық  салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Абай облыстық филиалының қолдауымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Асыл мұра» қолөнер шеберлерінің облыстық фестивалі өтті. Фестивальге облыс бойынша 50- ден астам қолөнер шеберлері қатысты.

Фестивальдің мақсаты: ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін насихаттау және шеберлердің шығармашылығын қолдау, Абай мұрасын өнер тілімен жаңғырту, жастардың халықтық өнерге қызығушылығын арттыру.

Фестиваль бағдарламасы негізінде қолөнер көрмесі, шеберлік сағаттар, ашық алаңда этно-ауыл безендіру, шеберлердің Абай шығармаларына байланысты туындаған бұйымдармен таныстыру, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендер ризашылығын алды.

Қазылар алқасы жұмыстарды көркемдік деңгейі, шеберлік, эстетикалық үйлесім, шығармашылық жаңашылдық критерийлері бойынша бағалап,  «Үздік ұлттық бұйым», «Үздік қолөнер туындысы», «Жас шебер», «Абай мұрасын бейнелеген үздік туынды», «Шығармашылық жаңашылдығы үшін», «Үлгілі зергер», «Дәстүрлі өенрді дәріптегені үшін» т.б. номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтап, дипломдармен, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен, қаржы сертификаттарымен және  «Қазақстандық  салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Абай облыстық филиалы атынан «Көрермендер көзайымы» номинациясын тағайындап, «Үржар ауданының балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ ұжымына 200 000 мың теңге сертификатын тапсырды.

«Асыл мұра» фестивалі – ұлтымыздың дәстүрлі қолөнерін насихаттап, ұлттық мұраны ұлықтап, облыстағы қолөнер шеберлерінің жұмыстарын халық арасында таратып, колдау көрсетуге бағытталған мәдени шара болды.