Биыл металлургия өнеркәсібі жұмысшылары кәсіподағының Қостанай облыстық комитеті құрылғанына 59 жыл толып отыр. Бұл ұйым өңірдегі тау-кен металлургия саласы еңбеккерлерінің әлеуметтік қорғанысын қалыптастыруда негізгі тірекке айналды. Бүгінде осы тарихи құрылымның құқықтық мұрагері — «QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» Қазақстандық салалық тау-кен металлургия кәсіподағының Қостанай облыстық ұйымы, ол кәсіподақ қозғалысының озық дәстүрлерін сақтап, дамытуын жалғастыруда.
Қостанай облыстық комитеті 1966 жылғы 25 наурызда Кәсіподақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесі (ВЦСПС, Мәскеу) Президиумының шешімімен құрылды. Бұл шешім, әсіресе Солтүстік Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіптік өңірлерде кәсіподақ құрылымдарының ықпалын күшейту және орталықтандыру қажеттілігінен туындады.
Бетбұрыс сәт 1966 жылғы 27–28 маусымда Рудный қаласында өткен алғашқы облыстық кәсіподақ конференциясы болды. Дәл осы жиында бытыраңқы топтық және жергілікті комитеттерді біріктірген облыстық құрылымның ресми түрде құрылғаны бекітілді.
Облыстық комитеттің құрылуы еңбек ұжымдарының өзекті мәселелерін шешуде кәсіподақтардың күшін біріктіруге мүмкіндік берді. Бұл жұмысшы ұйымдарының өндірістік және әлеуметтік үдерістерге ықпалын күшейту жолындағы маңызды қадам болды.
Құрылу сәтінде комитет құрамына келесі ұйымдардың кәсіподақтары кірді: Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің (ССГӨК) топтық комитеті, Лисаков тау-кен байыту комбинатының (ЛГӨК) жергілікті комитеті, Торғай боксит кен басқармасының рудкомы, Козырев кен басқармасының рудкомы, сондай-ақ «Вторчермет» және «Вторцветмет» кәсіпорындарының жергілікті комитеттері.
Кейінгі жылдары ұйым кеңейіп, оған Қызыл Октябрь боксит кен басқармасы, Қашар кен байыту комбинаты, «Уралдомнаремонт», «Казшахтрудстрой» тресттері және өңір экономикасында маңызды рөл атқаратын басқа да кәсіпорындардың кәсіподақтары қосылды.
Құрылған сәтінен бастап облыстық кәсіподақ комитеті кәсіпорындардың өндірістік және әлеуметтік өмірінің барлық салаларында белсенді ұстанымда болды. Ұйым жылдық және болашақ өндірістік жоспарларды әзірлеуге, еңбек нормаларын белгілеу мен олардың орындалуын бақылауға, социалистік жарыстар ұйымдастыруға, еңбек қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуге белсенді қатысып отырды.
Жұмысшыларды тұрғын-үймен, тұрмыстық және мәдени қызметпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді. Кәсіподақтар еңбек жағдайларын жақсартуға, жатақханалар, санаторийлер мен мәдениет үйлерінің салынуына қол жеткізді.
Облыстық комитеттің құрамында үш техникалық еңбек инспекторы жұмыс істеді, олардың өкілеттіктері кең болды. Олар кәсіпорын басшыларына міндетті түрде орындалуға тиісті нұсқамалар беруге, ал қажет болған жағдайда өндірісті тоқтатуға құқылы еді.
Кәсіподақ комитеттері сондай-ақ ұжымдық шарттардың орындалуы және еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері бойынша кәсіпорын басшыларын тыңдау құқығына ие болды.
Қостанай облыстық ұйымы «QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» алты онжылдыққа жуық уақытта бірнеше кеніштің жұмысын үйлестіретін құрылымнан мыңдаған тау-кен металлургия кешені қызметкерлерінің мүддесін қорғайтын ықпалды қоғамдық күшке айналды.
Бүгінде «QAZAQMETAL KÁSIPODAAY» Қостанай облыстық ұйымы өз қызметін сабақтастық және қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімделу рухында жалғастыруда. Кәсіподақ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2025-2030 жылдарға арналған «Өзгерістер дәуіріндегі әділ еңбек: қорғау, даму, инновациялар» жаңа стратегиясын іске асыруға белсенді қатысады.
Кәсіподақ заң көмегін көрсетеді, еңбекті қорғау бойынша білім беру бағдарламаларын жүргізеді, ұжымдық шарттар жасасуға, сондай-ақ ұжымдарда қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.