Құрылысшылар күні қарсаңында Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Астана» филиалының мүше ұйымдарда салтанатты іс-шаралар өтті.
Мерекелік кездесулер барысында жұмыстың қорытындысы шығарылып, қызметкерлердің жетістіктері атап өтілді. Құрылыс саласының үздік өкілдері Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің және Құрылысшылар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалық кәсіподағының жоғары наградаларымен марапатталды.
Марапат иелері – адал еңбектің, жоғары кәсіби шеберліктің және елорданың құрылыс саласын дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген білікті мамандар.
Мұндай шаралар сала қызметкерлерінің еңбегін бағалап, олардың ынтасын арттыруға, кәсіби мәртебесін көтеруге септігін тигізеді. Сонымен қатар, ұжым ішіндегі бірлік пен серіктестікті нығайта отырып, құрылыс саласының дамуына жаңа серпін беріп, әрбір маманның кәсіби өсуіне мол мүмкіндік ашады.