Екібастұзда «Мектепке жол» акциясы аясында 300-ден астам оқушыға көмек көрсетілді

Жаңа оқу жылының қарсаңында Екібастұз қаласында әлеуметтік қолдауға мұқтаж оқушыларға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС кәсіподақ ұйымымен бірлесіп «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шарасын  өткізді.

Акция барысында №9 және №11 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына мектепке қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған 60 арнайы сертификат табысталды. Бұл сертификаттар негізінен аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ ата

-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге берілді.

Іс-шарада балалар мен ата-аналарға жылы лебіздер айтылып, жаңа оқу жылында зор табыстар, сәттілік пен қызықты жаңалықтар тілегін білдірген құттықтаулар айтылды. Ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, 1-МАЭС басшылығы мен кәсіподақ ұйымына балалардың жағдайына бей-жай қарамай, жыл сайын осындай қамқорлық көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар, станцияның әлеуметтік осал санатындағы 104 қызметкеріне мектеп формасы, аяқ киім және кеңсе тауарларын өздігінен сатып алуы үшін материалдық көмек көрсетілді.

Жалпы, акция аясында Екібастұз қаласының 300-ден астам оқушысы қажетті қолдауға ие болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі бастамалар балалардың жаңа оқу жылын сеніммен және жақсы көңіл-күймен бастауына зор септігін тигізеді.