Шымкенттік цирк қызметкерлері марапатталды

Қаладағы Кәсіподақтар орталығында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – «Шымкент-Цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қызметкерлеріне арналған салтанатты қабылдау өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.Мерекелік қабылдауды «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов ашып, цирк ұжымын айтулы күнмен құттықтап, еңбекте елеулі нәтижеге қол жеткізген қызметкерлерге кәсіподақ наградаларын табыстады.

«Еңбек озаты» төсбелгісімен оркестр әртісі Серік Аппазов пен кәсіпорын директорының орынбасары Сұлтанхан Аманов;

«Құрмет грамотасымен» хореограф Закира Сүлейменқызы Намазбаева және билет кассирі Перизат Қамшыбекова;

«Алғыс хатпен» комендант Жасмина Жүніспаева мен цирк әртісі Нұржан Сапарбеков марапатталды.

Салтанатты шарада сөз алған Серік Әуесханов мәдениет қызметкерлерінің қоғамдағы орны мен маңызын атап өтіп, олардың адал еңбегіне алғыс білдірді.