Құрметті отандастар, әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының басты құндылықтарының бірі – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1995 жылы бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституция – тәуелсіз мемлекетіміздің мызғымас негізі, демократиялық қоғамымыздың берік тірегі. Ата Заңымыз – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ететін, ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықтың, заң үстемдігінің айқын көрінісі.

Кәсіподақтар қозғалысы үшін де Конституция – еңбек адамының құқықтарын қорғаудың сенімді тірегі. Бүгінде біз еңбек қатынастарын әділетті ету, жұмысшылардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайту бағытында тынымсыз еңбек етудеміз.Бұл жолда Ата Заңда бекітілген нормалар – біздің басты бағдарымыз.

Биыл еліміздің Конституциясына 30 жыл толып отыр. Бұл — тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса маңызды белес.

Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Егемен еліміздің еңсесі биік, бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы                                                    С.Дәулеталин