«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы — Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай мерекелік кездесу өтті.
Іс-шараға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, мекеме басшысы Алмас Қаюпов, Қаратау аудандық прокуратурасы мен Қаратау аудандық полиция басқармасының өкілдері қатысты. Олар ұжым қызметкерлерін Ата Заңымыздың 30 жылдығымен құттықтап, еңбектегі жетістіктері үшін бірқатар қызметкерлерге марапаттар табыстады.
Атап айтқанда, Қаратау ауданы әкімінің, Абай ауданы әкімі аппаратының «Қаратау» КММ басшысының, Қаратау аудандық прокуратурасы мен полиция басқармасының Алғыс хаттары, сондай-ақ «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгілері, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттары салтанатты түрде табысталды. Сонымен қатар, 130 қызметкерге бағалы сыйлықтар ұсынылды.