Жамбыл кәсіподақтары ауқымды шараларға дайындалуда

«Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің кезекті отырысы өтті. Жиынға салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары мен кәсіподақ белсенділері қатысып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарады.

Отырысты ашқан Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов әріптестерін жуырда өткен Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінде қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер жайлы хабардар етті.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі-алда келе жатқан «10 қазан – Қазақстан кәсіподақтарының күні» мерекесін Қазақстан кәсіподақтарының құрылғанына 120 жыл және Кәсіподақтар федерациясына 35 жыл қарсаңында ауқымды іс-шаралармен атап өту болды. Бұл туралы Үйлестіру кеңесінің төрағасы Бағлан Қарашолақов әріптестерімен іс-жоспар туралы пікірлесіп, аталған айтулы іс-шараға кәсіподақ ардагерлері мен жұмысшы жастарды көптеп тартуға шақырды.

Сол сияқты, жиында қаралған келесі мәселелер – Үйлестіру кеңесі  жанындағы өңірлік Гендерлік комиссия мен «Келешек» жастар кеңесінің жаңартылған құрамы дауысқа салынып, сайланды. Бағлан Қарашолақов жаңартылған құрам мүшелеріне үлкен жауапкершілік артылып отырғанын жеткізіп, жұмыстарына табыс тіледі.