«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан құрылған Заң клиникасында кезекті құқықтық қабылдау өтті.
Қабылдауға Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны, кәсіподақ мүшесі – А. есімді азаматша жүгініп, еңбек қатынастарына байланысты құқықтық көмек көрсетуді сұрады.
Кәсіподақ мүшесі еңбек қатынастары саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ол Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексінің» кейбір баптарының іс жүзінде қолданылу тәртібі мен жұмыскер мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері туралы сауалдар қойды.
Заң клиникасының маманы азаматшаға қажетті құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарына нақты әрі толық жауаптар берді. Сонымен қатар, оған ҚР «Еңбек кодексі» мен жаңадан күшіне енген «Әлеуметтік кодекске» енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ақпарат ұсынылды.
Бұдан бөлек, кәсіподақ мүшесіне еңбек құқықтарын қорғау мақсатында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан құрылған «Татуластыру орталығы» кәсіби медиаторларының тегін құқықтық кеңестеріне жүгінуге болатыны жеткізілді.