Қызылордада Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Қызылорда облысы кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға облыстық деңгейдегі салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

Кеңестің күн тәртібінде кәсіподақ ұйымдарының өзара іс-қимылын үйлестіру, еңбек саласындағы жаңа бастамаларды жүзеге асыру және әлеуметтік әріптестікті дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, кәсіподақ ұйымдарының өзара іс-қимылын үйлестіру, еңбек саласындағы жаңа бастамалар мен әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Қызылорда облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің жұмыс қорытындыларына тоқталып, алқалы органдардың жаңартылған құрамы туралы баяндады. Сондай-ақ, гендерлік саясат пен жастар саясаты бойынша алдағы міндеттерді таныстырды.

Отырыс барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының 2025–2030 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру барысы талқыланды. Бұған қоса, Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары және Еңбек күні мерекесіне орай өткізілетін шаралар қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар кәсіподақ ұйымдарының тиімділігін арттыру, әлеуметтік әріптестікті нығайту және жастардың кәсіподақ қызметіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.