2025 жылы 5 қазанда Астанадағы Триатлон саябағында ерекше спорттық шара – KASIPODAQ RUN 2025 өтеді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен Астана қаласының Триатлон федерациясы бірлесіп ұйымдастыруда.
Бұл жай ғана бұқаралық жүгіріс емес – бұл еңбек адамына құрметтің, бірлік пен ізгіліктің, сондай-ақ қоршаған ортаға жанашырлықтың символы.
Жарыс аясында барлық жас және дайындық деңгейіне арналған қашықтықтар қарастырылған:
– 1,6 км – спортқа алғашқы қадам жасап жатқан қатысушылар үшін;
– 5 км – белсенді әрі ширақ жандарға;
– 10 км – төзімділік пен қайратты талап ететін негізгі қашықтық;
– 400 метр және 1 км – балаларға арналған жарыс.
Биылғы KASIPODAQ RUN үш маңызды бастаманы арқау етеді:
Қазақстанның кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығы.
Бұл — еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау жолында ғасырдан астам уақыт қызмет етіп келе жатқан қоғамдық қозғалыс.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы.
Таза әрі жасыл болашақ жолында қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру – ортақ міндет.
Қайырымдылық жобалар.
Жарысқа тіркеу барысында жиналған қаражат әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсетуге бағытталады.
Бұл – маңызды мүмкіндіктердің бірі:
– еңбек адамына және оның қоғамдағы орнын лайықты бағалауға;
– еліміздің экологиялық тазалығына нақты үлес қосуға;
– көмекке зәру жандарға қолдау көрсетуге.
KASIPODAQ RUN 2025 – бұл денсаулық пен сергектікке үндейтін, қоғамды біріктіретін, ізгілік пен өзара қолдауға бастайтын маңызды оқиға.
Сіздерді осы маңызды шараға белсене қатысуға, сондай-ақ жақындарыңыз бен достарыңызды бірге алып келуге шақырамыз. Болашақтың тарихын бірге жасайық!
Өтетін орны: Астана, Триатлон саябағы
Қатысушыларды жинау уақыты: 08:00
Жарыстың басталуы: 09:00
Тіркеу ертеңнен бастап ресми сайтта қолжетімді: Kasipodaqrun.kz