Кәсіподақтың бастамасымен «Таза кәсіпорын – таза қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты “№34 жалпы білім беретін мектеп” КММ-де Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен «Таза кәсіпорын – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Аталған бастама еліміздегі еңбек ұжымдарының экологиялық жауапкершілігін арттыруға, ұжымдық бірлікті нығайтуға және жұмыс орнын ғана емес, жалпы қоғам мен қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған.
Кәсіподақтардың белсенді қатысуымен өткен сенбілік барысында кәсіподақ мүшелері білім беру ұйымының аумағын күл-қоқыстан тазартып, таза әрі жайлы ортаның тазалығына өз үлестерін қосты. Бұл шара арқылы олар тек экологиялық мәдениетті дәріптеп қана қоймай, жас ұрпаққа үлгі көрсетті.


Айта кету керек, мұндай игі істердің басы-қасында әрдайым кәсіподақ ұйымдары жүреді. Кәсіподақ тек еңбек құқықтарын қорғаумен шектелмей, әлеуметтік, мәдени, экологиялық бағытта да қоғамға зор үлес қосып келеді. Ұжым мүшелерінің әл-ауқаты мен ынтымағын арттыруда, сондай-ақ түрлі қоғамдық жобаларды жүзеге асыруда кәсіподақтардың орны ерекше.


Осы тұста биыл еліміз үшін ерекше тарихи белес – Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығы кең көлемде аталып өтіп жатқанын атап өткен жөн. Бұл – тек мерейтой ғана емес, кәсіподақтардың қоғамдағы маңызын, беделі мен белсенділігін көрсететін елеулі кезең.
Осыған орай республика көлемінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, еңбек ұжымдары мен кәсіподақ белсенділерінің қатысуымен форумдар, дөңгелек үстелдер, салтанатты марапаттау рәсімдері өткізілуде. Бұл іс-шаралар арқылы кәсіподақ қозғалысының тарихына шолу жасалып, алдыңғы буын ардагерлердің еңбегі ұлықталып, бүгінгі буынға серпін берілуде.