«Таза Қазақстан»: кәсіподақтардан – келешек ұрпаққа жасыл аманат

Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының 35 жылдығына орай, сондай-ақ Еңбек күніне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында республика көлемінде бірқатар игі шаралар өткізілуде.

Осы орайда, 27 қыркүйек күні ҚР Кәсіподақтар федерациясы бастамасымен «Таза Қазақстан-болшақ үшін» акциясы аясында Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен ерекше балаларды қолдау орталығының маңында көгалдандыру шарасы ұйымдастырылды. Акция барысында 20-ға жуық қарағай көшеті отырғызылып, жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру, табиғатқа жанашырлық таныту үлгісі көрсетілді.

Шараға Батыс Қазақстан облысындағы салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен мамандары, сондай-ақ «Келешек» жастар кеңесінің белсенді мүшелері қатысты.

Бұл бастама кәсіподақ қозғалысының қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін, қоршаған ортаны қорғау мен әлеуметтік қолдауға бағытталған нақты қадамдарының біріне айналды.