Келешекке бірге жүгіреміз

2025 жылы 5 қазанда Астана қаласындағы Триатлон парк аумағында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен Астана қаласының Триатлон федерациясы бірлесіп ұйымдастыратын дәстүрлі «KASIPODAQ RUN 2025» ынтымақтастық жүгірісі өтеді.

Биылғы жарыс Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған іс-шаралар аясында, сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын және қайырымдылық жобаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылады.

Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттау, экология мен әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне назар аударту, сондай-ақ еңбекті дәріптеу және Еңбек адамына құрмет көрсету.

Ынтымақтастық жүгірісіне кез келген жастағы және дайындық деңгейіндегі адамдар қатыса алады.Қатысушыларға әртүрлі қашықтықтар ұсынылады: балалар үшін – 400 м және 1 км; жаңадан бастаушылар үшін – 1,6 км (президенттік миля); көпшілікке арналған қашықтық – 5 км; кәсіби деңгейдегілер үшін – 10 км.

Қатысушылардан жиналған тіркеу жарналары әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларды жүзеге асыруға бағытталады.

Онлайн тіркеу: kasipodaqrun.kz