Биыл еліміздің еңбек тарихындағы айтулы белес – Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтуде.
Бұл қос мерейтой – еңбек адамын қорғау ісінің, әділдік пен бірліктің, өзара сенім мен жауапкершіліктің нышанына айналған кәсіподақтар жолының даңқты шежіресі.
Кәсіподақ ұйымдары осы жылдар ішінде қоғамдағы тұрақтылық пен әлеуметтік әділеттіліктің тірегіне айналып, мыңдаған еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғап келеді.
Осы мәртебелі мерейтой аясында кәсіподақ қозғалысын дамытуға және еңбек адамының құқығы мен абыройын қорғауға сіңірген еңбегі үшін бірқатар ардақты әріптестеріміз Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтар қозғалысына 120 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Марапат иелері:
Жандос Шайдулла – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық ұйымының төрағасы
Гүлнара Тлеубердиева – Сайрам ауданы “Шапағат-педагог” кәсіподағының төрайымы
Диана Турманова – Түркістан қалалық салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы
Манат Таукеева – Кентау қалалық салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы
Бахтияр Абдураимов – кәсіподақ қозғалысына белсене атсалысқан қызметкер




Бұл марапат – Түркістан өңіріндегі кәсіподақ ұйымдарының бірлігі мен табандылығына, әлеуметтік әріптестікті нығайту жолындағы қажырлы қызметіне берілген жоғары баға.
