Қызмет кәсіподағы Әлеуметтік қызметкерлер күніне орай волейбол турнирін ұйымдастырды

Әлеуметтік қызметкерлер күні аясында Ақтөбе қаласының әлеуметтік сала мекемелері арасында спорттық спартакиадалар жалғасуда. Бұл жолы қаладағы әлеуметтік мекемелер арасында достық волейбол турнирі ұйымдастырылды.


Шараны Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырды. Турнирге бөлімге қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелер – «Ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығының «Алау» командасы, «Ақтөбе қаласы отбасын қолдау орталығының «Ақтөбе тірегі» командасы және «Қамқор» командасы қатысты.


Жарыстың басты мақсаты – ұжымдағы бірлікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ ынтымақтастық пен өзара түсіністік ахуалын қалыптастыру болды.
Тартысты өткен ойын қорытындысы бойынша:
1-орынды – «Алау» командасы,2-орынды – «Қамқор» командасы3-орынды – «Ақтөбе тірегі» командасы иеленді.


Барлық қатысушы командаларға кубоктар, алғыс хаттар және «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы атынан бағалы сертификаттар табысталды.
Сонымен қатар, ерекше көзге түскен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды:
«Үздік ойыншы» — Кемал Мейрамбек (қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі),
«Үздік қорғаушы» — Тукешов Біржан (отбасын қолдау орталығы),Жеңіске деген ерік-жігері үшін» — Әйгерім Қыздарбай,
«Үздік шабуылшы» — Мырзахметов Мирдан (әлеуметтік бейімдеу орталығы).


Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұжымдағы ынтымақ пен өзара құрметті арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлуде. Волейбол турнирі ұжымдық рух пен белсенді өмір салтының жарқын көрінісіне айналды.