«Қазкөліккәсіподақтың» Астанадағы филиалында жаңа кәсіподақ ұйымдары ашылды

«Қазкөліккәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласындағы филиалында төрт жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы ресми түрде құрылды.

Жаңадан құрылған ұйымдар «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорындары: «Тасымалдау процесі дирекциясы», «Жаңа жобалар құрылысы жөніндегі дирекция», «Бурабай курорты мамандандырылған көпір жасағы» филиалдары мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Сұңқар» филиалы ұжымдарының өз еріктерімен өткізген құрылтай жиналысы хаттамалары негізінде тіркелді.

Филиал төрағасы Серік Сәрсекеев аталған теміржол мекемелерінің еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізу барысында кәсіподақ ұйымдарын құру тәртібі мен оның маңыздылығы жөнінде жан-жақты түсіндірме берді. Ол кәсіподақтың негізгі міндеттері, қызметкерлердің құқықтарын қорғау тетіктері, әлеуметтік қолдау шаралары және ұжымдық келісімдер арқылы еңбек жағдайларын жақсарту жолдары туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сонымен қатар, жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарының құрылуы саланың әлеуметтік тұрақтылығын нығайтып, теміржолшылардың ортақ мәселелерін жүйелі түрде шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Кездесу барысында қызметкерлердің пікірлері тыңдалып, олардың ұсыныстары мен сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды.

Филиалда құрылған жаңа ұйымдар теміржол саласындағы әлеуметтік әріптестікті нығайтып, жұмыскерлердің құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған жұмысын жандандырады деп күтілуде.