«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн»: «Қорғау» кәсіподағы әлемдік науқанға қосылды

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрін жоюға бағытталған халықаралық «16 күн» акциясы өтуде. Оның мақсаты — зорлық-зомбылық, кемсіту және гендерлік теңсіздік проблемаларына қоғам назарын күшейту. 2025 жылғы кампанияның ұраны: «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік».

«Қорғау» ҚБ бұл бастаманы қолдап, түрлі іс-шараларға белсенді түрде атсалысып жатыр. Кәсіподақ мүшелері, соның ішінде Бақытгүл Сапарова әйелдер құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия отырысына қатысты. Жиын барысында әйелдердің жұмыс орнында және тұрмыстағы қауіпсіздігі, жыныстық сипаттағы қудалаудың алдын алу, кәсіби мүмкіндіктерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрлық кеңістікте әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

Науқан басталғалы «Қорғау» ҚБ кең ауқымды ақпараттық және практикалық жұмыстар жүргізіп келеді. Еңбек ұжымдарымен семинарлар мен кездесулер өтіп, мобильді топтар жұмыс жасауда. Сондай-ақ жедел желілер мен білікті мамандардың консультациялары ұйымдастырылып, цифрлық сауаттылыққа арналған арнайы тренингтер өткізіліп жатыр. Бұған қоса, флешмобтар, конкурстар, дәрістер мен ақпараттық науқандар іске асырылып, түрлі жадынамалар, инфографикалар мен бейнематериалдар дайындалуда.

Ұйым ерекше көңілді агрессорлармен жұмыс істеу және қайталанатын зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне бөледі. Заңгерлер, психологтар және IT-мамандар кеңес беріп, мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған арнайы сабақтар өткізіп келеді.

«Қорғау» ҚБ атап өткендей, офлайн да, онлайн да қауіпсіз қоғам құру — барша азаматтың ортақ жауапкершілігі.