«Қазгермұнай» үздіктер қатарында: Компания жұмыскерлері «KMG Skills» чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Атырау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрылымдары арасында өткен «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған бұл сайысқа КМГ-ге қарасты 19 еншілес және өңірлік кәсіпорыннан шамамен 100 қызметкер қатысып, тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, кәсіби шеберліктерін танытты.

 

«Қазгермұнай» БК» ЖШС атынан түрлі техникалық бағыттар бойынша 12 қызметкер қатысты. Олар мықты дайындықтары мен шеберліктерін көрсетті. Байқаудың бірнеше номинациясында жүлделі орындарды иеленіп, компания жұмыскерлері өз кәсібилігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Чемпионат нәтижесінде «Қазгермұнай» жұмыскерлері келесі номинациялар бойынша марапатталды:

  • 1-орын — «Ұңғымаларды зерттеу операторы» — Ерсайын Пірмаханов

  • 2-орын — «Мұнай-газ өндіру жөніндегі оператор» — Ұзақ Кемалов

  • 2-орын — «Технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету слесарі» — Ғалымжан Асанханов

  • 2-орын — «Электр газбен дәнекерлеуші» — Рахымжан Отарбаев

  • 2-орын — «Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика слесарі» — Нұрбол Тілегенов

Компания басшылығы жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтап, олардың кәсібилігіне, жауапкершілігіне және «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің салалық деңгейдегі абыройын арттырған еңбектеріне ризашылығын білдірді.