Кәсіподақ белсенділеріне мерекелік марапаттар табысталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі аясында ел дамуына, еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар кәсіподақ белсенділері марапатталды.

Атап айтқанда, ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Құрмет грамотасымен» «Астана Поштамты» филиалының бас маманы Айгерім Калеева, «Қазкөліккәсіп» қоғамдық бірлестігінің «Астана» филиалының сарапшысы Марал Сағындықова марапатталды.

Сонымен қатар, кәсіби шеберлігі мен адал еңбегі үшін ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Алғыс хатына» №9 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Айзере Жоламанова, осы емхананың мейіргері Асыл Булантаева, сондай-ақ «Астана Поштамты» филиалының бас маманы Назира Сағындықова ие болды.

Бұдан бөлек, Астана қаласы Кәсіподақтар орталығының құрылғанына 25 жылдығына арналған мерейтойлық медаль Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Халида Былкиловаға, «Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалы кәсіподақ комитетінің төрайымы Гуля Омароваға, сондай-ақ Астана қаласы білім қызметкерлері кәсіподағы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Садықовқа табысталды.

Бұл марапаттар адал еңбегімен көзге түсіп, кәсіби біліктілігі мен белсенділігі арқылы ортақ іске үлес қосқан мамандарға көрсетілген жоғары бағалау болып табылады.