Қанағат Алдажарұлы Оразбаев Арал ауданы Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратында статист маманы қызметін абыроймен атқарып, адал әрі жауапты еңбегімен ұжым арасында зор құрметке ие.Қанағат Алдажарұлы жалпы еңбек өтілі — 44 жыл, оның ішінде аталған ұжымдағы еңбек өтілі — 18 жыл. Еңбек жолында ол өзін тәжірибелі, білікті, өз ісіне тиянақты әрі талапшыл маман ретінде көрсете білді. Қызметтік міндеттерін жоғары жауапкершілікпен орындап, статистикалық есеп пен құжаттаманы уақытылы әрі сапалы жүргізуімен ерекшеленді.

Қанағат Алдажарұлы қызметімен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде ұжымның әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғауға және кәсіподақ жұмысының дамуына елеулі үлес қосты. Әріптестерімен тіл табыса білетін, адамгершілігі жоғары, ұйымдастырушылық қабілеті мол азамат ретінде танылды.Адал еңбегі мен салаға қосқан үлесі үшін Қанағат Алдажарұлы Оразбаев «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық облыстық кәсіподағының «Еңбек озаты» медалімен марапатталды.
