2025 жылғы 24 желтоқсанда құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Астана» қалалық филиалы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңес отырысына филиал Кеңесінің мүшелері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен белсенділері қатысты.
Отырыс барысында филиалдың және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметіне қатысты өзекті ұйымдық және өндірістік мәселелер жан-жақты қарастырылып, 2025 жылдағы атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылды. Алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен жұмыс бағыттары айқындалды.

Тексеру комиссиясының төрайымы Кеңес мүшелерін 2025 жылға арналған филиалдың кәсіподақ бюджетінің орындалуы бойынша жүргізілген тексеру нәтижелерімен таныстырып, қаржының мақсатты әрі тиімді пайдаланылғанын атап өтті.
Кеңестің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін қатысушылар үшін Жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік ізгі тілектер айтылып, ынтымақтастық пен бірлікті нығайтуға бағытталған жылы әрі көтеріңкі көңіл-күй қалыптасты.
