«Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы жаңа мүшелік ұйыммен толықты. Филиал төрағасы Серік Әуесханов қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «№11 көпсалалы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, «Қызмет» салалық кәсіподағының қатарына қосылды. Бүгінде мекеменің 80-ге жуық қызметкері кәсіподаққа толықтай мүше болып қабылданды.


Меменің директоры Мұрат Рамазанұлы Жұмабаев пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қанат Төребай және филиал төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың арасында өзара қарым-қатынастар жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған келісім-шарт жасалды.

