Білім беру саласы – болашақ мамандардың іргетасын қалайтын киелі мекен. Осы салада талай жыл тер төгіп, кәсіптік білімнің дамуына үлес қосып жүрген білікті ұстаз, өз ісінің нағыз шебері – Аймишев Қайратбек Егембердіұлы. Оның өмір жолы мен еңбек өтілі бүгінгі жас буын үшін нағыз еңбек адамының үлгісі іспеттес.
Қайратбек Егембердіұлы 1966 жылы киелі Қазығұрт өңірінің Қаратас ауылында дүниеге келген. Оның техника саласына деген қызығушылығы мектеп қабырғасынан-ақ байқалып, 1984 жылы техникалық училищені үздік тәмамдады. Білімге деген құштарлық оны Өскемен жол-құрылыс институтына жетелеп, онда «Автомобиль көлігін пайдалану» мамандығы бойынша инженер біліктілігін алды.

Әскери борышын өтеп, запастағы офицер атанған ол, еңбек жолын өндірісте бастады. Шымкент қаласындағы ірі автокомбинаттарда шыңдалып, техниканың тілін жетік меңгерді.
42 жылдық жалпы еңбек өтілі бар Қайратбек Егембердіұлының еңбегі мемлекет тарапынан лайықты бағаланып келеді. Оның қоржынындаҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, «AMANAT» партиясы мен қала әкімінің алғыстары бар. Сонымен қатар 2024 жылы білім беру саласының үздік қызметкерлеріне арналған «Еңбек адамы» ұлттық энциклопедиясына енуі — оның кәсіби шеберлігінің ең жоғарғы айғағы.
Кейіпкеріміз бүгінде 3 ұл өсіріп, 2 немере сүйіп отырған үлгілі отбасы иесі. Ұлағатты ұстаздың білімі мен тәжірибесі еліміздің техникалық саласында талай белестерді бағындыратыны сөзсіз.
