Астанада жаңа Конституция жобасы өндіріс ұжымдарында талқыланды

Астана қаласы Кәсіподақтар орталығының төрағасы, Қоғамдық кеңестің мүшесі Төлеген Күнәділов елордадағы заманауи тротуар плиталарын өндіретін ASYL QALA зауыты мен құрылыс бұйымдарын шығаратын Selena CA компаниясының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін түсіндіруге арналды. Іс-шара барысында конституциялық реформалардың басты бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған нормалар, сондай-ақ еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Жиын ашық диалог форматында өтіп, кәсіпорын қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, аталған бастамалардың қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.

Кездесу еңбек ұжымдарының құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық белсенділікті күшейтуге бағытталған маңызды алаңға айналды.