Кәсіподақтар үйінде Ата заң жобасының стратегиялық басымдықтары талқыланды

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Бүгін елордадағы Кәсіподақтар үйінде ұйымдастырылған жиында «Қазақстан халықтық партиясы» ҚБ Астана қалалық филиалының белсендісі Найля Аппасова және «Aksenger mining» ЖШС бас директоры, «Ауыл» партиясының мүшесі Ұлан Әбдіханов кәсіподақ өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында қатысушыларға Конституция жобасында ұсынылған негізгі өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті арттыру мәселелері қозғалды.

Спикерлер өз сөздерінде конституциялық реформалардың елдің тұрақты дамуына, демократиялық институттардың нығаюына және азаматтардың саяси белсенділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Сонымен қатар, кәсіподақ белсенділері «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов және Астана қаласы Кәсіподақтар орталығы Заң клиникасының меңгерушісі Назгүл Әзтаева Ата заң жобасының басымдықтарын айтып, қолдау танытты.

Жиын соңында қатысушылар Конституция жобасын жан-жақты талқылаудың маңыздылығын айтып, әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуы қажеттігін жеткізді.