Жаңа Ата Заң жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директорының орынбасарлары мен департамент басшылары өздеріне қарасты құрылымдық бөлімшелер және мердігер ұйымдардың ұжымдарымен кездесулер өткізіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

 

Басқосуда Ата Заң жобасының негізгі бағыттарын өндірістік департамент мамандары талқылады.
Жиында сөз сөйлеген департамент басшысы Рахметолла Қапанов алдағы жалпыұлттық референдумның ел болашағы үшін стратегиялық мәнге ие екенін айта келіп, азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды.
Ол әріптестерін еліміздің алдағы жылдардағы даму векторын айқындайтын саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды.
Осындай форматтағы ақпараттық-түсіндіру кездесулері алға қарай да жалғасып, зауыттың барлық құрылымдық бөлімшелерін қамтитын болады.