25 жылдық еңбек өтілі бар Қыдырбек Абетаев — спорт саласының нағыз майталманы. Бүгінде ол Абай облыстық Су және ойын спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде волейболдан жаттықтырушы-оқытушы қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар, ол өзінің бүкіл еңбек жолында кәсіподақ қозғалысының белсенді мүшесі ретінде де танымал.
Қыдырбек Қабдешұлы — бұқаралық спорттан бастап, олимпиадалық шыңдарға дейін жол салатын, терең білім мен жоғары біліктілікті талап ететін маман. Ол жаттықтырушы ретінде шәкірттерінің шеберлігін шыңдап, жаттығу процесін сауатты ұйымдастырады. Психологиялық қолдау көрсету арқылы көптеген дарынды спортшыларды тәрбиелеп, оларды халықаралық және республикалық деңгейдегі биік белестерге жеткізді.

Нағыз маман ретінде ол адам анатомиясын, физиологиясын, генетика мен биофизиканы, тіпті психология мен спорт ілімін терең меңгерген. Бұл білім оған әрбір спортшының бойында төзімділік қасиетін қалыптастыруға, қиындыққа төтеп беріп, жеңіс пен жеңілісті сабырмен қарсы алуға баулуға мүмкіндік береді.
Қыдырбек Қабдешұлы жасөспірімдерге тек спорттық әдіс-тәсілдерді үйретіп қана қоймай, оларды парасатты, білімді, ұлтжанды әрі нағыз отансүйгіш азамат етіп тәрбиелейді. Ол өз шәкірттерінің арасында ғана емес, бүкіл қоғамда үлкен беделге ие ұстаз. Оның республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі чемпиондарды тәрбиелеудегі ерен еңбегі мемлекеттік наградалармен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен лайықты бағаланған.
