Маңғыстау облысында «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Кеңесінің отырысы өтті.

Аталған маңызды жиынға «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Бекбергенов қатысып, кәсіподақ қозғалысының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына тоқталды.

Кеңес барысында филиал төрағасы Тәрбия Бәйімбетова ұйымның бір жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы мазмұнды есеп берді. Баяндамада кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және әлеуметтік қолдау шараларын күшейту бағытындағы жұмыстар қамтылды.

Кеңес аясында атқарылған жұмыстар сараланып, кәсіподақ қаражатының мақсатты әрі тиімді игерілуі жөнінде толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, саланың дамуына үлес қосқан бірқатар қызметкерлердің еңбегі жоғары бағаланып, оларға төсбелгілер мен Құрмет грамоталары берілді.


Жиын барысында «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Бекбергенов бірқатар сала қызметкерлерін төсбелгілермен марапаттады.


Кеңес мерекелік шарамен қорытындыланды.
