Үлгі тұтар тұлғалар – өз ісіне адалдықпен қарап, қоғамның дамуына үнсіз үлес қосып жүрген жандар. Осындай абзал азаматшалардың бірі – ұстаздық жолды өмірлік мұрат еткен, саналы ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған тәжірибелі педагог Алмагүл Камилашова.
Алмагүл Салменқызы 1966 жылдың 24 тамызында дүниеге келген. Жастайынан білімге құштар болып өскен ол жоғары білімін А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында жалғастырып, физика-математика факультетінің математика бөлімін табысты тәмамдайды. Бұл білім ордасында алған терең теориялық білімі оның болашақ ұстаздық қызметінің берік іргетасына айналды.
Еңбек жолын 1991 жылы «Куйбышев» орталау мектебінде бастаған жас маман алғашқы күннен-ақ өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, оқушыларға сапалы білім беруді басты мақсат етті. Ал 1992 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ұстаздық қызметін абыроймен атқарып келеді.

Көп жылдық тәжірибесі бар білікті ұстаз ретінде Алмагүл Салменқызы шәкірттеріне тек білім беріп қана қоймай, оларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеуде де зор үлес қосып келеді. Оның әр сабағы мазмұнды, түсінікті әрі қызықты өтіп, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Ұстаздың кәсіби шеберлігі мен шәкірттеріне деген жанашырлығы оның беделін арттырып, әріптестері мен ата-аналардың шынайы құрметіне бөледі.
Сонымен қатар, ол қоғамдық жұмыстардан да тыс қалған емес. Бірнеше жылдан бері кәсіподақ ұйымының комиссия мүшесі ретінде мектеп ұжымының әлеуметтік мәселелерін шешуге, мұғалімдердің құқықтарын қорғауға белсенді түрде атсалысып келеді. Бұл оның азаматтық ұстанымы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Ұзақ жылдар бойы атқарған жемісті еңбегі лайықты бағасын тауып, Алмагул Салменовна білім беру саласына қосқан үлесі үшін түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, мектеп әкімшілігінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарына, аудандық және облыстық білім бөлімдерінің марапаттарына бірнеше мәрте ие болған. Бұл – оның кәсіби біліктілігі мен ұстаздық еңбегінің жоғары бағалануының нақты дәлелі.
Отбасында Алмагүл Салменқызы – ардақты ана, аяулы жар, отбасының ұйытқысы бола білген парасатты жан. Ол отбасының берекесін сақтап, бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, ұрпақтарына адамгершілік құндылықтарды сіңіріп келеді. Ұстаз ретінде мектепте қандай жауапкершілік танытса, отбасында да сондай қамқорлық пен мейірімділіктің үлгісін көрсетіп, жақындарына тірек бола білуде.
Алмагүл Камилашова – өз ісіне адал, шәкірт жүрегіне жол таба білген, білім беру саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген құрметті ұстаз. Оның ерен еңбегі – ел болашағын тәрбиелеуге қосылған баға жетпес үлес.
Осындай еңбек адамдарын ұлықтау – біздің міндетіміз. Себебі олар – қоғамның қозғаушы күші, ел ертеңінің сенімді тірегі.
