Еңбек адамы – Мәдениет қызметкері Бибігүл Наурызова

Биб3гүл Тұрақбайқызы – «Байғанин аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Байғанин аудандық мәдениет үйінің Қопа ауылдық клубында мәдени ұйымдастырушы қызметін абыроймен атқарып келеді.


Білімін «Ақтөбе гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында алып, «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халық көркемөнер шығармашылығы» мамандығы бойынша арнаулы орта білім алған.
Еңбек жолын ерте бастап, жалпы еңбек өтілі 42 жылды құрайды. Оның ішінде мәдениет саласындағы еңбек өтілі – 25 жыл. Осы уақыт аралығында аталған мекемеде табысты әрі үздіксіз қызмет атқарып келеді.
Қызмет барысында өзін жауапкершілігі жоғары, тәртіпті, бастамашыл, өз ісіне адал, білікті маман ретінде танытты. Кәсіби деңгейі жоғары, шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеті жақсы дамыған. Ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мәдени-көпшілік іс-шаралар мен түрлі шығармашылық кештерді тұрақты түрде өткізіп, мәдени өмірдің жандануына зор үлес қосып келеді.
Әріптестері мен ауыл тұрғындары арасында зор құрметке ие. Көпжылдық адал еңбегі үшін бірнеше алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталған.