Кәсіподақ-қолдаушы күш

Кәсіптік одақ – бұл жарғылық міндеттерге орай, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын және қорғайтын қоғамдық бірлестік. Кәсіптік одақтар қоғамдық құбылыс ретінде уақыттың нақты кезеңіндегі міндеттерге орай өзінің қызметі мен құрылымының мазмұны бойынша ғана өзгере отырып, екі жүзжылдықтан астам уақыт бойы өмір сүріп келеді. Олар бәрінен бұрын, жұмысшылардың өз ұжымдарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған ұйым ретінде пайда болды.

Қазіргі уақытта да кәсіптік одақтар қызметкерлердің тағдырында үлкен рөл атқарады. Кәсіптік одақтар қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың маңызды кепілдіктерінің бірі болды және солай болып қалады да. Нақ әр түрлі деңгейлердегі кәсіптік одақтар қызметкерлердің мүдделерін қалыптастырады және оларды еңбек және әлеуметтік қатынастарға байланысты әр түрлі салаларда ұсынуды және қорғауды қамтамасыз етеді.

Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов бүгін облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кәсіподақ жұмысы туралы айтылды.

– Қазіргі күні қоғамда өзгеден озық, бітім-болмыс жағынан ешкімге ұқсай бермейтін, рухани және материалдық жағынан салмақты орны бар ұйым – кәсіподақ халық арасында зор сенімге, айтулы беделге ие ұйым.

Бұл қоғамдық ұйым жергілікті жердегі сан қырлы қызметті ұйымдастырушы қарапайым қызметкерлер мен жұмыскерлердің жанашыры.

Еңбек адамдарының арасында болып кездесіп, олардың мұң-мұқтаждарын жедел шешуге атсалысатын бірден-бір орын.

Кәсіподақ ұйымының ең қуатты құралы – бұл ұжымдық шарт. Әлеуметтік еңбек қатынастары мәселелерінің басым бөлігі ұжымдық шарттар арқылы реттеледі. Кәсіподақтарға еңбек заңдылықтарын сақтау, еңбек кауіпсіздігі және басқа да өзекті де әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын табу үшін көп ізденіс қажет.

Осы мақсатта келісім – шарттар Еңбек кодексіне сай құрылып, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар тарапынан қайта қаралып келісіліп, өзіндік талаптары мен шарттары бекітілді.

Еліміз бойынша кәсіподақтар үшін айрықша жаңалық, көптен күткен қуаныш «Кәсіптік Одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануы.

Заңды Елбасы өзі қарап, 2014 жылдың 27 маусым күні қол қойып бекітті. Бұл заң кәсіподақтардың бүгінгі жеңісі болса, ертенгі күнгі жемісі. Облыс бойынша мәдениет саласы «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар» бағдарламасы барысында көптеген шаралар өткізді.

Кәсіподақ мүшелеріне көптеген қолдау көрсетілуде, бассейнге абонементтер берілуде,- деп өз ойымен бөлісті.

Музей басшысы Б.Серғазиев Б.Пірімбетовке алғысын білдіріп, алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс жасаймыз деп ортақ шешімге келді