Түркістанда кәсіподақ белсенділері марапатталды

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен 30-тамыз Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Іс шараға «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Лаура Ақшегірова, салалық және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты.

Салтанатты жиында сөз алған «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі мерекелік құттықтау сөз сөйлеп: «Біз тәуелсіздік арқылы ғасырлық мәні бар орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік. Ата Заңымыз Конституция тәуелсіздігімізді нығайтып, тұрмысымызды жақсартып, жарқын болашағымызға жағдай жасап, елімізді әлемге танытып отыр. Бүгінде Конституциямызға сүйене отырып, елдің дамуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген сіздердің жауапты қызметтеріңізге тек сәттілік,еңбектеріңізге табыс тілеймін!» – деді.

Сондай-ақ, іс-шарада өз кезегінде сөз алған «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақтың рөлі мен мақсаты туралы айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп жылы лебізін білдірді.


Іс-шара әрі қарай марапаттау миссиясымен жалғасын тауып, онда Конституция күні мерекесіне орай кәсіподақ саласының дамуына сіңірген елеулі еңбектері үшін бірқатар кәсіподақ белсенділері аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.