Энергетиктер өзара бақ сынасты

Павлодар қаласының «Балалар футбол мектебі» спорт кешенінде «Павлодарэнерго» энергия жүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ мүшелері – ұйымдар арасында футболдан турнир өткізді. Жарысқа бес команда қатысты: «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «Павлодар жылу желілері» ЖШС, «ПРЭК» АҚ, «Каустик» АҚ және «УПНК-ПВ» ЖШС.

Кездесулерде энергетиктер жоғары кәсіпқойлық, спорттық дайындық пен командалық рухты көрсете отырып, үздік команда атағы үшін күресті. Ойындар сериясының нәтижесінде «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ командасы турнир жеңімпазы атанды, «ПРЭК» АҚ командасы күміспен марапатталды. Құрметті үшінші орынды «УПНК-ПВ» ЖШС командасы иеленді.

Марапаттау рәсімінде энергетиктердің жергілікті кәсіподақ ұйымының басшысы Балтабек Төлеубаев барлық турнирге қатысушыларды құттықтап, белсенділік танытып, жоғары деңгейде ойын көрсеткендері үшін алғысын білдірді. Ол мұндай спорттық іс-шаралар энергия жүйесі қызметкерлерінің арасында денсаулықты, достық пен ұжымдық рухты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

«Жыл сайын энергетика жүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы кәсіподақтың әрбір мүшесі өз таланттары мен шеберліктерін көрсете алатын түрлі жарыстар, іс-шаралар мен ойындар өткізеді. Теннис, шахмат жарысы, волейбол, марафондар – мұның барлығы әрбір мүшеге қолжетімді. Сіздерді барлық қоғамдық шараларға белсенді қатысуға шақырамыз», – деді Балтабек Төлеубаев.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жергілікті энергетиктер кәсіподақ ұйымының кубогі және дипломдары, кәсіподақ мүшелеріне ынталандыру ақшалай сыйлықтары табыс етілді.


«Энергия жүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ мүшелері – ұйымдар арасындағы футбол турнирі барлық қатысушылар мен жанкүйерлерге көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер сыйлап, достық және көңілді жағдайда өтті.