Бастауыш кәсіподақ ұйымының көпбалалы отбасыларын қолдау мақсатында «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясын жыл сайын өткізуде.
Осы орайда «Қызмет» облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Сүлеймен 10 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көпбалалы ата-аналарымен кездесті.
Кездесу барысында 18 кәсіподақ мүшесінің балаларына мектепке қажетті оқу-құрал жабдықтарын табыстай отырып, ата-аналарға, балаларға жақсы жетістіктер, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.