Кәсіподақ балаларға тарту жасады

«Yntymaq» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Марат Бәйімбетов «Қызылорда автобус паркі» серіктестігі жұмыскерлері балаларына арналған «Мектепке жол» жиынына қатысып, кәсіподақтар тарапынан ықылас білдірді.

Еңбек ұжымын құттықтауда салалық кәсіподақ төрағасы жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек жағдайларын жақсарту мен қолдау білдіруде әлеуметтік әріптестіктің маңызды рөлін атап өтті. Өз кезегінде серіктестік директоры Мақсат Жүсіп кәсіпорынның алдағы жоспарлары мен қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстары туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен  қатар, кәсіпорын басшысы кәсіподақ ұйымдарымен орнатылған тығыз байланыстың жемісті нәтижелеріне сенім білдіріп, бірлескен жұмыстарға сәттіліктер тіледі.

Жиында жұмыскерлердің балаларына арналған оқу құралдары мен мектеп сөмкелері сыйға тартылып, бірқатар кәсіподақ мүшелеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай марапаттар табысталды.