Кәсіподақтар «Мектепке жол» акциясын жалғастырды

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев «Қызылордапрофсервис» серіктестігі жұмыскерлері балаларына жаңа оқу жылында сәттіліктер тіледі. Бірлестік төрағасы жұмыскерлерге «Yntymaq» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Қызылорда облыстық филиалы тарапынан оқушыларға қажетті құрал саймандар жиынтығы үшін қаржылай көмек табыстады.

Серіктестік қызметкерлері облыс кәсіподақтарының қара шаңырағына айналған Кәсіподақтар үйінің тазалығы мен қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде жұмыскерлер атынан серіктестіктің электрик-қызметкері Серік Жаймырзаев мектепке баратын балаларға арналған кәсіподақтық қамқорлық үшін ризашылық ықыласын білдірді.