БҚО-да облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлының төрағалымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысына тиісті облыстық басқарма басшылары, кәсіподақ өкілдері, шақырылған кәсіпорын басшылары қатысты.
Жиын барысында бірқатар өзекті мәселелер қаралып, қатысушыларға әрі қарай жұмыстануы үшін нақты тапсырмалар берілді.