Алтынбек Әмірғалиев: “Еңбек қауіпсіздігіне нақты көңіл бөлінді”

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа бастамалар айтылды. Еліміздегі экономикалық саясаттың жаңа моделін қалыптастыруға тың мүмкіндіктер жасалмақ. Бұл Жолдауда-еңбек қауіпсіздігіне нақты көңіл бөлінді.
«Өндірістік жарақат алудың жиілеуі өткір мәселе болып тұр.Үкімет 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын осы жылдың соңына дейін қабылдауға тиіс. Бұл құжат жұмыс орнындағы кәсіби сын-қатерлердің алдын алуға және жоюға бағытталуы керек.
Үкімет зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген адамдарды әлеуметтік қолдау тетіктерін әзірледі. Бұл бұрыннан талқыланып жүрген мәселе болатын, енді шешімі табылды. Оның мынадай өлшемдері бар. Жұмысшылардың осы саланы дамытуға сіңірген еңбегі және денсаулығына зиян келгені ескеріле отырып, оларға зейнет жасына толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем төленеді ,деп атап өтті өз Жолдауында ҚР Президенті Қ. Тоқаев.
Бұл мәселені, яғни ауыр, зиянды өндірістегі жұмысшылардың зейнет жасы мен өндірістегі қауіпсіздік мәселелерін ҚР Кәсіподақтар Федерациясы, оның ішінде Ақтөбе облысында кәсіподақтар орталығы да үнемі басты назарда ұстап келеді. Біз тау-кен мен химия салаларында еңбек етіп жатқан шахтерлар, кеншілер, мұнайшылармен кездескенде олар осы мәселені ұдайы көтереді. Сондықтан, біздер,кәсіподақ өкілдері үшін бұл мәселенің оң шешімін тапқаны, яғни 55 жастан бастап ауыр өндірістегі жұмысшыларға арнаулы әлеуметтік төлем төленетіні өте орынды деп санаймыз.
Сонымен қатар Жолдауда 2030 жылға дейін Қауіпсіз Еңбек тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл жобаға кәсіподақтардың өкілдері де белсенді ат салысады.
Және ең бір қуантарлығы- ең төменгі жалақы мөлшерінің тағы да артуы. Яғни, ең төменгі жалақы мөлшері 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 85 мың теңге болады. Бұл-кәсіподақтардың бастамасымен кезінде қолға алынған бастама. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.Бұл –Кәсіподақтардың кезінде көтерген бастамаларының нақты жемісі деп ойлаймыз.
Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев