Қостанай қаласындағы белгілі бір суши-бардың бұрынғы қызметкерлері “Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы” АКБ жанындағы заң клиникасына жүгінді.
Өтініштің мәні мынада: бес қызметкер себепсіз жұмыстан босатылды және сонымен бірге жалақы төленбеді. Олар еңбек шарттарысыз жұмыс істеді.
Заң клиникасының басшысы Дүйсемби Қарабаев жұмыс беруші қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзғанын және дауды бейбіт жолмен реттеу мүмкіндігі болмағандықтан сотқа жүгіну қажет екенін түсіндірді.
Сот талқылауы барысында бұрынғы қызметкерлерге білікті адвокаттар Ділмұрат Сәрсенов пен Талғат Бекмағанбетов үлкен көмек көрсетті, олар сотта талапкерлер мен жауапкер арасындағы еңбек қатынастарының болғанын дәлелдей алды. Айтпақшы, адвокаттар өз қызметтерін тегін көрсетті.
Сондай-ақ, сот процесіне үшінші тұлғалар ретінде кәсіподақ орталығының өкілі және мемлекеттік еңбек инспекторы қатысты.
Екі айдың ішінде төрт сот отырысы өтті, нәтижесінде сот талапкерлерге жалақы бойынша берешек, моральдық зиян мен сот шығындарын өтеу туралы шешім шығарды.