Кездесу барысында Қарағанды облысының кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары, «Қызмет» салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының м.а. Т. Шатохина Мемлекет басшысының 2023 жылға арналған Қазақстан халқына жолдауының негізгі тармақтары және Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы жайлы сөз қозғады.
Жиын барысында Президенттік жастар кадр резерві туралы толық мағұлмат берілді. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен кем емес меңгерген, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Атап өту қажет, іріктеуге өтінімдер қабылдау ағымдағы жылдың 30- қыркүйегіне дейін pkrezerv.gov.kz сайтында жүзеге асырылады.