Кәсіподақ өкілдері шеберлік курсынан өтті

Ағымдағы жылдың 29 тамыз күні Одақтар үйінде Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және«Келешек» жастар кеңесі ұйымдастыруымен «Кәсіподақ көшбасшысының дағдыларын арттыру. Модуль-1 – мобилография және мобильді/кәсіби фотосурет» атты курс өтті.
Іс-шараға баспасөз хатшыларының қоғамдық қызметін орындайтын салалық, жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдары филиалдарының өкілдері қатысты.
Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы, кәсіби фотограф Әділхан Әубәкіров «Мобильді/кәсіби фотография курсы» тақырыбы бойынша және Павлодар облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы Олжас Займолда «Мобилография курсы» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.


«Әлеуметтік желілерде аккаунттарды белсенді жүргізу, кәсіподақтар өткізетін іс – шаралар туралы уақтылы ақпарат, сапалы фотосуреттер, ақпараттық материалды қызықты беру – осы құралдардың барлығы кәсіподақ ұйымдарының имиджін арттыруға ықпал етеді», – деп атап өтті Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д.Н. Айтжанова.


Саябақ аумағындағы практикалық сабақтарда курсқа қатысушылар түсірілім техникасы мен технологиясын, фотосуреттің сапасы үшін тиімді бұрышты таңдауды үйренуге машықтанды. Практикалық курстың қорытындысы бойынша әр қатысушыға сертификаттар табысталды.