Елімізде жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күніне орай Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира Табылдинова Ырғыз ауданына іс сапармен барып,Қалыбай ауылындағы ауылдық кітапхана жұмысымен танысты.
Қалыбай ауылдық кітапханасы қоры жаңадан 50 кітаппен толықты.
Назира Табылдинова еңбек адамының мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс және жаңа бастамалар туралы айтып берді.
Кітапханашылардың еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар труалы өзара пікір алмасты.
Қалыбай ауылдық кітапханасында ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп, ел игілігі жолында бар білгенін жастарға үйретіп жүрген тәжірибелі мамандар мен қатар, аудандық мәдениет саласында еңбек етіп жүрген жастар да еңбек күніне орай марпатталды.Атап айтсақ,аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі Жанат Ерік, Қаыбай ауылдық кітапханасының кітапханашысы ,көп балалы ана, күміс аклқа иегері Айгүл Дербесбаева, аудандық мәдениет үйінің қызметкері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Мұқашев және аудандық спорт мектебінің психологы Ырғызбай Еңсегенов Салалық кәсіподақ тарапынан алғыс хаттарға ие болды.
Кәсіподақ қай езде де еңбек адамының құқығы мен мүддесін басты назарда ұстайтынын жеткізді.