ҚРКФ Төрағасы Бақытжан Әбдірайым мемлекет және қоғам қайраткері Ирак Елекеевті жаңа лауазымымен құттықтады

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ирак Қасымұлы Елекеевті Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушылар палатасының басқарма төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтады.

Құрметті Ирак Қасымұлы!

Сізді Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушылар палатасының басқарма төрағасы лауазымына сайланғаныңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Елге қызмет жасап, заңдылық және құқықтық саласында қажырлы еңбегіңізбен көш бастап келесіз. Сіз, Елбасының сенімді өкілі ретінде, әрқашан жас өрендерге өнеге болып, Отанымыздың құқықтық болашағына атсалысып келе жатырсыз.

Шын ықыласпен Сізге, Ирак Қасымұлы, ілтипатымды білдіріп, осы лауазымда үлкен табыстар мен жетістіктер, отбасыңызға береке, деніңізге саулық тілеймін!