АҚТӨБЕ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ БҮКІЛҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ.

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты. Тұрғындар қалашығындағы саябақта  күзгі сенбілікке қатысып, қаланы көркейтуге үлес қосты.

“Ақтөбе облысы аумағында жарияланған тазалық айлығы аясында біз өзімізге бекітілген аумақты, саябақты тазарту, қоқыстардан жинау жұмыстарын атқардық. Қаламызды көркейтіп, дамуына әр кәсіподақ мүшесі осылайша септігін тигізуде”, – деп Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы А. Әмірғалиев атап өтті.

Сенбілікке «Сенім» , «Ынтымақ» «Мәдениет »,Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің, Салалық кәсіподақтарының жетекшілері мен қызметкерлері  жанындағы «Келешек» жастар қанатының белсенділері де қатысты.