Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығының» басшысы екі күндік өңіраралық оқыту семинарының 2 кезеңіне қатысты

2023 жылғы 7-8 қыркүйекте Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығының»  басшысы, еңбек құқығының сарапшысы, кәсіби медиатор М.А. Иванова «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалы ұйымдастырған Павлодар қаласында екі күндік өңіраралық оқыту семинарының 2 кезеңіне қатысты.


Семинарға 70 қатысушы – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалдарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары үшін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары мен Астана қаласының спикері келесі тақырыптарды қамтыды: «Ұжымдық шарт. Еңбек заңнамасы. Медициналық ұйымдағы келісім комиссиясы. Еңбек дауларындағы медиация».


Оқу процесінде спикер еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіріп, медициналық қызметкерлердің құқықтарын қорғау тәсілдерін, оның ішінде медиация рәсімі арқылы сот практикасының материалдары бойынша жасалған кейстік міндеттердің мысалдарын ашты.