ҚРКФ Атқару комитеті Абай облысында кәсіподақ орталығын құруды мақұлдады

20 қыркүйекте  ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің басшылығымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті. Онда бірқатар ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ өңірлік  кәсіподақтардың ұстанымдарын нығайту бойынша алдағы шаралар қарастырылды.

Күн тәртібіне сәйкес атқару комитетінің мүшелері өңірдегі ҚР Кәсіподақтар федерациясының барлық мүшелік ұйымдарының мүдделерін білдіретін Абай облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігін құру мәселесін қарады.

Мұндай шешім Кәсіподақтар федерациясы төрағасының жуырда Абай облысына жасаған жұмыс сапары барысында әлеуметтік серіктестіктің барлық тараптарының бірлесіп шешуін талап ететін бірқатар мәселелер талқыланған болатын.

Өндірістік жарақаттардың жоғары деңгейі – өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

«Аймақта 3 топтық жазатайым оқиға тіркеліп, 50 адам зардап шекті. Жазғы өрт кезінде “Семей орманы” орманшылықтарында 15 орман шаруашылығы қызметкері қаза тапты. Кәсіподақтар федерациясы резерват қызметкерлерінің еңбек жағдайлары мен проблемаларымен танысып, уәкілетті органдардың атына тиісті ұсыныстар дайындады», – деді ҚРКФ төрағасы.

Әлеуметтік әріптестердің бірлескен жұмысы «VisionZero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын іске асыру, «Халықтық бақылау»  жобасын енгізу, сондай-ақ облыс кәсіпорындарында  еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі шараларды да талап етеді.

Абай облысында әлеуметтік-еңбек қатынастарына тікелей қатысты ұжымдық шарттық реттеу деңгейін арттыру мәселелері де ерекше назар аударуға тұрарлық.

Ақпараттарға сәйкес, облыста жұмыс істеп тұрған 5 мыңнан астам кәсіпорынның 1025-інде ғана ұжымдық шарт жасалған.

Атқару комитетінің мүшелері жағдайды зерделеп, өңірде жұмыс істейтін халықтың мүдделерін қолдау үшін тиімді әлеуметтік диалог орнатуға арналған кәсіподақ орталығын құру бастамасын қолдады.

Отырысқа қатысушылар 2013 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанда қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде атап өтілетін алдағы Еңбек күнін мерекелеуге дайындық барысын талқылады.

ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мереке қарсаңында іс-шараның маңыздылығын айта келе,  кәсіподақтар Федерациясы мен оның мүшелік ұйымдары бұрын жоспарланған бірқатар іс-шаралар-ұжымдармен кездесулер, жұмысшы кәсіптерін дәріптеуге және қоғамда еңбек құндылықтарын дәріптеуге бағытталған диалог алаңдарын өткізетінін айтты.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Еңбек адамы мен әртүрлі жұмысшы кәсіп өкілдері туралы тақырыптық айдарлар мен басылымдар сериясы ашылып, БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылды. Сонымен қатар, кәсіподақтар жыл сайынғы «Еңбек жолы» республикалық байқауын өткізуге және оның қорытындысын шығаруға белсене атсалысты.

Атқару комитетінің мүшелері Қазақстанда Кәсіподақтар күнін мерекелеу мәселелеріне ерекше назар аударды.

«10 қазан күні елімізде Кәсіподақтар күні аталып өтіледі. Қазақстанда 2019 жылдан бастап ресми түрде бекітілген бұл маңызды күн кәсіподақ қозғалысының қоғамдағы рөлін нығайтуға және дамытуға, қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселелеріне назар аударуға және олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етуге арналған», – деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.

Атқару комитетінің мүшелері кәсіподақ қозғалысы ардагерлері мен жұмысшы жастардың көрнекті өкілдерінің қатысуымен «Ұрпақтар кездесуі» форматында кәсіби мерекені өткізу идеясын қолдады.

Бұл формат аға ұрпақтың кәсіподақ қызметінің тәжірибесімен тереңірек танысуға, жастарды жаңа жетістіктерге шабыттандыруға және кәсіподақтардың көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы