Қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру

2023 жылғы 20 қыркүйекте Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова және «QAZAQMETALL KASIPODAGY» Қазақстандық салалық тау-кен металлургия кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары Раушан Даумова Павлодар құбыр илек зауытының кәсіподақ активімен кездесті.


Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған қауіпсіз еңбек жылында кездесу тақырыбы – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау, кәсіптік аурулардың алдын алу, жұмыс берушінің еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмыскерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қоғамдық бақылауды ұйымдастыруы туралы болды.

Динара Айтжанова өз сөзінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу және қабылдау туралы тапсырмасы туралы өз пікірімен бөлісті.
«Жұмыс орындарында кәсіптік тәуекелдердің алдын алуға және оларды болдырмауға бағытталған еңбекті қорғаудың тұжырымдамалық негіздері өзгеретін болады. Әлеуметтік қолдаудың жекелеген түрлері зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін қызметкерлер үшін қамтамасыз етілетін болады», – деп атап өтті Динара Айтжанова.
Раушан Даумова кездесуге қатысушыларға арнаған үндеуінде Металлургия өндірісі кәсіпорындарында жұмыс істейтін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кәсіподақ жұмысының бағыттары туралы айтты.


Өз кезегінде кәсіподақ мүшелері –зауыт қызметкерлері құбыр илек өндірісінде қолданылатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шаралар туралы айтып берді.
«Бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесу кәсіподақ жұмысын жандандыруға көмектеседі, бірлікті қамтамасыз етеді, кәсіподаққа кіруге ынталандырады», – кездесуді ұйымдастырғаны үшін бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Манарбек Куплетов алғысын білдірді.