Үшжақты комиссия жұмыстарының жай-күйі қаралды

Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының ұсынысымен Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Талас, Сарысу аудандарының әкімдігі жанындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнінде аудандық комиссия отырыстары өтті.


Аудан әкімдерінің төрағылығымен өткен отырысқа Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов, аудан әкімдігі жанындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссия мүшелері, кәсіподақ ұйымдарының басшылары, кәсіпорын басшылары және аул округтерінің әкімдері қатысты.


Күн тәртібіндегі өндірістік процестерді тұрақтандыру, еңбек заңнамаларын сақтау, жұмысшыларды қысқартпау, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушалардың құқықтары мен жазатайым оқиғалар болған жағдайда міндетті сақтандыру, кәсіпорындарда еңбек дауларын болдырмау, қызметкерлер жалақысын көтеру бойынша тиісті басшылар баяндама жасады.
Өз кезегінде Б.Қарашолақов облыстағы кәсіподақ ұйымдарының атқарып отырған жұмыстарын жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар, билығы жылды ҚР Кәсіподақтар Федерациясы «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, кәсіпорындарда өндірістік жарақатқа жол бермеу, алдын алу бойынша жұмыстарды басты назарда ұстау қажеттілігіне тоқталды. Сондай-ақ аудандардағы кәсіподақ ұйымы жоқ кәсіпорындар мен мекемелерде кәсіподақ ұйымдарын құру қажеттігін атап айтты.


Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша аталған аудан әкімдері жауапты тұлғаларға нақты хаттамалық тапсырмалар берді.
Өз кезегінде комиссия мүшелері ұсыныс-пікірлерін алға тартып, жауаптар алды.

Жамбыл облысы кәсіподақтар
бірлестігінің баспасөз қызметі